Иран және Ресей стратегиялық одақтастар ретінде:тарихы мен қазіргі жағдайы

Autor: Р. С. Мырзабекова
Jazyk: German<br />English<br />French<br />Kazakh<br />Russian
Rok vydání: 2016
Předmět:
Zdroj: Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì, Vol 41, Iss 3 (2016)
Druh dokumentu: article
ISSN: 1563-0285
2618-1215
Popis: Мақала Ресей мен Иран қатынастары жөнінде мол мәлімет береді.Әлемде қазір аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласымен өзара тиімді экономикалық және мәдени әріптестік мақсатындағы байланысты қалыптастыруда бүгінгі таңдағы Иран және Ресей сияқты державалардың стратегиялық әріптестігі, географиялық жағынан бір-біріне жақындығы маңызды рөл атқарады. Ресей-Иран стратегиялық әріптестігінің алғышартына негіз болып отырған факторлардың аясы кең. Еуразия аймағындағы жалпы геосаяси жағдай Ресей-Иран арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынас сипатына байланысты. Қазіргі таңда Иран және Ресей маңызды геосаяси жағдайды иеленген, стратегиялық пайдалы қазбалары мол, адам қоры мен әскери және экономикалық әлеуеті жеткілікті мемлекеттер болып табылады. Мысалы, Иранның территориялық көлемі 1648 мың кв. км-ге тең. Бұл Таяу және Орта Шығыстағы мемлекеттердің ішінде территориясы жағынан ең үлкен, теңізге шығу жолдарының мүмкіндігі ерекше (Иран шекарасының 1/3 бөлігі теңізде) екендігінің дәлелі. Бұл жағдай Иранның көптеген елдермен экономикалық байланысын жеңілдетеді. Мұнай қоры бойынша Иран әлемде бірінші орындарды иеленеді және мыс, хромит, никель және кобальт, табиғи газ сияқты маңызды стратегиялық шикізатқа бай.Тұрғындарының саны бойынша да Иран Орта және Таяу Шығыстағы ірі мемлекеттердің бірі. Ресей сияқты Иранды көп ұлтты, жартылай конфессиялы мемлекет деуге болады. Осы жағдай Иранды аймақта тұрақтылықты қалыптастыруға итермелейді.
Databáze: Directory of Open Access Journals