ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
Autor: | Ж. Идрышева, Г. А. Исаева |
---|---|
Jazyk: | German<br />English<br />French<br />Kazakh<br />Russian |
Rok vydání: | 2016 |
Předmět: | |
Zdroj: | Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì, Vol 42, Iss 4-5 (2016) |
Druh dokumentu: | article |
ISSN: | 1563-0285 2618-1215 |
Popis: | Мақалада Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі жөнінде мол мәлімет беріледі.Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі халықаралық қауіпсіздік және аймақтық қауіпсіздікпен өзара тығыз байланысты. Қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздікті аймақтық деңгейде тиімді түрде қамтамасыз етуге болады. Ресей Федерациясы Сыртқы Істер министрі С. Лавровтың пайымдауынша: «Қауіпсіздік пен тұрақты дамуға қауіп төндіретін жаңа қатерлерге қарсы тұру үшін халықаралық қоғамдастық бірлесе не болмаса ұжымдық, аймақтық түрде бірігуі керек». Орталық Азияның қауіпсіздігі – халықаралық қауіпсіздіктің негізгі шарттарының бірі. Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі күрделі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік сипатқа ие. Қазіргі таңда қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері көбейгені айқын. Бір жағынан қарағанда, Орталық Азия мемлекеттеріне тікелей қауіп жоқ, дегенмен әлемнің саяси сахнасындағы ойыншылардың күштер балансының өзгеріске ұшырауы Орталық Азия мемлекеттерінің жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. Көне Рим ғұламасы Цицерон: «Бейбітшілігің баянды болсын десең, соғысқа сақадай сай дайын бол», - деп айтуы тегін емес. Қазіргі күндегі осы бір қағиданың өзектілігі әлі де болса жоғалмағанын мойындау қажет. |
Databáze: | Directory of Open Access Journals |
Externí odkaz: |