Ш. Құдайбердіұлының сопылық танымы. Суфийское мировоззрение Ш. Кудайбердиулы.
Autor: | A. K. Akhmetbekova., D. T. Koptileuova. |
---|---|
Jazyk: | English<br />Kazakh<br />Russian |
Rok vydání: | 2016 |
Předmět: | |
Zdroj: | Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы, Vol 70, Iss 4 (2016) |
Druh dokumentu: | article |
ISSN: | 1563-0226 2617-1864 |
Popis: | Қожа Ахмет Ясауи негізін салған түркі сопылық ілім мен хикметтер, араб-парсы тілдерімен байланысты діни- гомогенді тілдік ұжымның қалыптасуы, әдеби ықпалдастықтар нәтижесінде түркі сөз өнеріндегі сопылық сарын, образдардың орын алуы, жергілікті сенімнанымдардың сопылық арқылы исламдану үдерісі сияқты факторлар қазақ топырағында сопылық поэзияның дамуына қолайлы жағдай жасағаны сөзсіз. Алайда қазақ ақын-жырауларынан жеткен шығармаларда сопылық тезаурустың қолданысы көрініс тапқанымен, сопылық поэзия канондарын ұстана жырлаған мәтіндер орын алмағаны байқалады. Тек ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген Шәкәрім Құдайбердіұлы өз туындыларында сопылық мотив, терминдерді қолданды деп тұжырымдай аламыз. Осы мақалада Шәкәрім ақынның сопылық поэзияға қалам тартуының басты негіздері қарастырыла келе, оның сопылық терминдерді қазақылау үдерісіне жол бергені анықталады. Қазақылау барысында сопылық ілімнің айнымас қағидаларыда, сопылықсарын мәндеріде айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Осы өзгерістер бағыттары мен себептерінтану мақаланың мақсатын белгілейді. |
Databáze: | Directory of Open Access Journals |
Externí odkaz: |