Жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары білімалушыларының тілдік қалауы: лонгитюдті зерттеу нәтижелері
Autor: | R. B. Italmassova, K. A. Abenova, A. U. Satybaeva |
---|---|
Jazyk: | English<br />Kazakh<br />Russian |
Rok vydání: | 2022 |
Předmět: | |
Zdroj: | Хабаршы. Психология және социология сериясы, Vol 80, Iss 1 (2022) |
Druh dokumentu: | article |
ISSN: | 2617-7544 2617-7552 |
Popis: | Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасыдағы қазіргі көптілділік тіл саясатын жүзеге асыру контексінде жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары оқушыларының тілдік бейімделуін зерттеудің нәтижесін сараптау болып табылады. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың тілдік стратегиясы мен тактикасын анықтау және олардың тілдік қолданысын әлеуметтік тәжірибеде жүзеге асыруына зерттеулер жүргізу. Зерттеудің негізгі бағыттары білім алушылардың әлеуметтенудің әр түрлі деңгейіндегі қарым-қатынастағы тілдік қалауларын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін бағалауды, жаһандық желіде мемлекеттік тілдің қолданылуын көрсетуді, латын әліпбиіне және жалпы көптілділікке қатысын қамтиды. Зерттеу жұмысының маңыздылығы – еліміздегі тіл саясатын жүзеге асыруда білім алушылардың заманауи тілдік қалауларын және тілге бейімделу тәсілдеріне зерттеу жүргізу арқылы ұсыныстар әзірлеу. Әдіснамасы – ғылыми мақаланы жазу барысында қолданылған әдістер ретінде сандық және сапалық, салыстырмалы талдау әдістерін атауға болады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері: мемлекеттік тілді дамыту байырғы этностың міндеті болып қала береді; тілдік даму негізінен екі бағытта жүреді – отбасы және оқу, қалған әлеуметтік орта негізінен екі тілді қолданады; көптілділік әлі де жастар арасындағы ауқымды тілдік практика ретінде қалыптаспаған; ҚР-да шағын этностарының өкілдері өздерінің әлеуметтенуі мен бейімделуінің тілі ретінде мемлекеттік тілді емес, орыс тілін қалайды. Түйін сөздер: мемлекеттік тіл, көптілділік, қостілділік, тілдік бейімделу. |
Databáze: | Directory of Open Access Journals |
Externí odkaz: |