Абайтанудың алғашқы кезеңіндегі әлеуметтік ұстанымдар

Autor: Danday Yskakuly, Sholpan Sagatova
Jazyk: English<br />Kazakh<br />Russian
Rok vydání: 2021
Předmět:
Zdroj: Turkic Studies Journal, Vol 3, Iss 1 (2021)
Druh dokumentu: article
ISSN: 2664-5157
2708-7360
DOI: 10.32523/2664-5157-2021-1-68-80
Popis: Мақалада абайтану ғылымының негізі ХХ ғасырдың басында қаланғаны айтылады. 1909 жылы ақынның алғашқы жинағы Санкт-Петерборда жарық көріп, Алаш көсемдері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы Абай шығармашылығы туралы мақалаларын жариялады. Абай мұрасын белсенді түрде зерттеу Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Абайдың өлеңдерінің 1922 жылы Қазан мен Ташкентте басылып шыққан кезінен өріс ашады. Сол жылдары «Абай» журналында, басқа да мерзімді басылымдарда («Қызыл Қазақстан» журналы, «Еңбекші қазақ», «Ақжол» газеттері) Ж.Аймауытовтың, Ә.Сағдидің, Б.Кенжебаевтың мақалалары жарияланды. Сондай-ақ ұлы ақынның туындылары туралы С.Мұқанов, А.Сегізбаев, Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, Ы.Мұстамбаевтардың зерттеулері жарық көрді. Баспасөз беттерінде қарама-қайшы әдеби пікірлер өршіді. Олардың бір тобы Абайды ғұлама ақын, кемеңгер ойшыл, данышпан философ ретінде мойындап, биік баға берсе, таптық және пролетарлық мәдениет идеялары ықпалында жүрген екінші топ оны ескі дәуірдің, феодалдық қоғамның, діни қараңғылықтың ақыны деп танып, шығармаларын жосықсыз сынға ұшыратады. Мақалада негізінен 1920 жылдары абайтану төңірегінде өрістеген идеологиялық айтыс- тартыстар қамтылған.
Databáze: Directory of Open Access Journals