Бидайық-асар қалашығынан табылған музыкалық аспап тарихы (біздің дәуіріміздің II-IV ғасырлары)
Autor: | Azilkhan Tazhekeyev, Zabira Zhakisheva |
---|---|
Jazyk: | English<br />Kazakh<br />Russian |
Rok vydání: | 2024 |
Předmět: | |
Zdroj: | Turkic Studies Journal, Vol 6, Iss 4 (2024) |
Druh dokumentu: | article |
ISSN: | 2664-5157 2708-7360 |
DOI: | 10.32523/2664-5157-2024-4-53-71 |
Popis: | Зерттеу жұмысында Шығыс Арал маңындағы Жетіасар мәдениетінің Бидайық-асар қонысынан Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының (әрі қарай ХАЭЭ) археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде табылған, ағаштан жасалған музыкалық аспаптардың фрагменттері жайлы сөз болады. ХАЭЭ тарапынан Жетіасар шатқалындағы ескерткіштерде алғаш археологиялық ізденістері 1946 ж. басталып, 1948, 1949, 1951 жж. аралығында жүргізіледі. ХАЭЭ жетекшісі С.П.Толстовтың бастамасымен осы қалашықтарға қазба жұмыстары жүргізіліп, олардың ұқсастықтарына қарап, «жетіасар мәдениеті» деген атау берілді. Далалық зерттеу жұмыстары 70-80 жылдары жалғасын тапты. Бидайық-асар қалашығының б.д. ІV ғ. мерзімделетін екінші құрылыс кезеңі, тоғызыншы мәдени қабатынан табылған музыкалық аспап ғылыми қызығушылық туғызып отыр. Сонымен қатар, домбыраның шығу тегі мен мерзіміне қатысты тың деректер беруде. Музыкалық аспаптардың фрагменттері бойынша ғылыми реконструциялар жасалып, музыкалық археология бағытындағы ғалымдардың қызығушылығын туғызуда. Өткен ғасырдың 70-80-жылдарындағы зерттеулер бойынша Бидайық-асар қалашығы шамамен б.д. І мыңжылдығының І жартысында өмір сүрген. Осы мерзімделуді негізге ала отырып, ескерткіштен табылған музыкалық аспаптарды ағаштан жасалған, ең ежелгі ішекті аспаптардың тобына жатқызуға болады. Шанағының асты мен үсті ашық, домбыра шанағына жақын келесі музыкалық аспап Жетіасар мәдениетінде музыкалық аспаптардың бірнеше түрі қолданыста болғандығын көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл аспаптың шығу тегіне және басқа музыкалық аспаптарға ұқсастығына қарай бірнеше болжамдар қалыптасты. |
Databáze: | Directory of Open Access Journals |
Externí odkaz: |