ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВТЫҢ «ТАЛТҮС» РОМАНЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРИЗМ

Rok vydání: 2022
Zdroj: Keruen. 76:173-182
ISSN: 2790-7066
2078-8134
DOI: 10.53871/2078-8134.2022.3-15
Popis: Мақалада жазушы Т.Әсемқұловтың «Талтүс» романына талдау жасалады. Қазіргі кезеңдегі шоқтығы биік қазақ романдарының бірі саналатын бұл шығармада фольклорлық мотив, сюжеттердің, фольклор жанрларының қолданыс аясы қарастырылады. Атап айтқанда күй аңызы, эпостық шығармалардың элементтері, хикая, әпсана-хикаят жанрларының шығармадағы көрінісі жан-жақтылы талданады. Жазушының осы фольклорлық жанрларды романда қолдануына сараптаулар жасалады. Яғни онда тек фольклорлық мәтіндердің тізбесі емес, кейіпкерлердің өзара диалогі, ауыз-екі әңгімесі негізінде өрбітіп, шығарманың тұлабойына сіңіріп жібергені қарастырылады. Шығарманың бас кейіпкерлері Сабыт күйші мен оның баласы Әжігерейдің өнердегі үндестік, дәстүр сабақтастығы ашуға негізделген күйшілік дәстүр, әншілік өнер, ұсталық шеберлік, атбегілік пен құсбегілік, мергендік, сынықшылық қатарлы қазақтың бұрыннан келе жатқан төлтума өнерлеріне байланысты туған фольклорлық мәтіндердің романдағы көрінісіне барлау жасалады. Осы арқылы автордың қазақтың төлтума өнер түрлерінің кейбірінің ұстаз-шәкірт қарым-қатынасы арқылы кейінгі буынға жеткені, кейбір өнер түрлерінің бүгінгі күндері жоғалып, келмеске кеткені туралы ой-толғамы сараланады. Жинақтай айтқанда автор осы романды жазу арқылы рухани кодымыз саналатын төл өнерімізге жанашырлық керек екенін, оны сақтау үшін кешенді жұмыстардың жүргізілуі тиіс екені туралы сүбелі ойлары талданады.
Databáze: OpenAIRE