Popis: |
Мақалада көліктік техниканың, оның ішінде автомобильдің трансмиссиясының құрылысымен таныстыра келе, автомобильді пайдалану барысында, оның трансмиссиясы әр-түрлі соққылар мен жүктемелерді қабылдап, оның бөлшектерінің қатты белгілі бір температураға дейін қызып, тозуының удеуі мен басқа да зиянды әсерлері жөнінде айтылған. Көліктік техника трансмиссиясының істен шығу cебептерін айта келе, оның әр-бір бөлшектері төзімділігінің пайыздық үлесі нақтылай көрсетілген. Трансмиссия бөлшектерінің ішінде ең көп істен шығатын фрикциондық ілініс қосқыштарының бұзылу себептептеріне егжей-тегжейлі тоқталған. Әсіресе, ілініс қысқыштарының дискілері бір-бірімен үйкеліп, қызып кетуінің себептері және одан болатын зиянды әрекеттердің салдарын формула бойынша талдап, графиктер (сызбалар) арқылы көрсетілген. Сонымен бірге ілініс дискілерінің қызып кету зиянды салдарын азайту әдістері де көрсетілген. Көліктік техниканың редукторларындағы, беріліс қораптарындағы тісті берілістерінің жұмыс жағдайлары жоғары жүктемелі және жүктеме - жылдамдық жағдайында кең диапазондарында кенет өзгерулерімен сипатталатындығына тоқтала келе, тісті іліністердің тозу қарқындығы қандай себеп факторларға байланысты өзгеретінін жақсы атап көрсеткен. Мақалада бұдан басқа тежегіш құрылғыларының төзімділігіне меншікті жүктеме, жылдамдық, іске қосудың жиілігі мен ұзақтығы үлкен әсер ететіндігі жайлы айта келе, бұл құрылғылардың төзімділігін арттыру жайлы да жақсы айтылған. Сонымен бірге басқару жетектерінің төзімділігі жөнінде де қысқаша атап көрсеткен. |