ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ БОЛМЫСЫН СИПАТТАЙТЫН ҰЛТТЫҚ ПРЕЦЕДЕНТТІ ФЕНОМЕНДЕР

Jazyk: kazašština
Rok vydání: 2022
Předmět:
DOI: 10.48371/phils.2022.64.1.008
Popis: Бұл мақалада қазақ әйелінің болмысын көрсететін ұлттық прецедентті феномендер, олардың әлеуметтік-прецедентті, әмбебап-прецедентті және ұлттық прецедентті сияқты түрлері, прецедентті феномендерге жататын прецедентті мәтін, прецедентті жағдаят, прецедентті айтылым және прецедентті есім ұғымдары әртүрлі ғалымдардың ғылыми жұмыстарын зерделеу арқылы қарастырылған. Мақала мақсаты – қазақ әйелінің болмысын сипаттайтын ұлттық прецедентті феномендерді анықтау. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: «прецедентті феномендер» ұғымын ашу; прецедентті феномендердің түрлерін, дәлірек айтқанда, ұлттық прецедентті феномендерді қарастыру; «қазақ әйелінің болмысын» талдау. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, гендерлік лингвистика, когнитивті лингвистикаға қатысты еңбектерге теориялық толықтырма жасау болып табылады. Практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Лингвомәдениеттану», «Гендерлік лингвистика», «Прецеденттілік құбылыс» сынды арнайы курстар дәрістерін құрастыруға, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу барысында немесе тақырыптарын әзірлеуде қолдануға болады.Ұлттық прецедентті феномендер арқылы қазақ әйелінің болмысын нақтылау үшін осы уақытқа дейін гендерлік лингвистика аясында жазылған еңбектерге талдамалы шолу жасалды. Бұл зерттеудің әдіснамасын құрады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі: қазақ әйелінің болмысын сипаттайтын ұлттық прецедентті феномендер анықталды. Прецедентті феномендерге жататын прецедентті мәтінді, прецедентті жағдаятты, прецедентті айтылымды және прецедентті есімді талданып, мысалдар арқылы көрсетілді. Қыздарға байланысты прецедентті айтылымдар үлесі жоғары болғанынан, қазақ халқының қыз бала деген ерекше құрметін, оның тәрбиесіне ерекше мән беретінін ұйғардық. Зерттеу жұмысының құндылығы: бүгінгі менталдық жаһандану кезеңінде қоғамда ер адамдар мен әйел адамдардың әлеуметтік рөлдері өзгеруде. Соған байланысты адам санасында қалыптасатын және сақталатын прецедентті феномендер де жаңарып немесе жаңадан қалыптасып отырады, кейбіреулері тіпті жойылып кетеді. Осындай тілдік материалдар негізінде біз әйел адам мен ер адамның болмысының өзгеруін анықтай аламыз.
В данной статье рассматриваются национальные прецедентные феномены, отражающие сущность казахской женщины, виды прецедентных феноменов, такие как: социально-прецедентные, универсально-прецедентные и национальные прецедентные, а также прецедентные тексты, прецедентные ситуации, прецедентные высказывания и прецедентные имена, относящиеся к «прецедентным феноменам», путем анализа различных научных работ. Цель статьи– выявить национальные прецедентные феномены, отражающие сущность казахской женщины. Задачи для достижения поставленной цели: раскрыть понятие «прецедентные феномены», рассмотреть виды прецедентных явлений, проанализировать «сущность казахской женщины». Научная значимость исследования заключается в разработке теоретических дополнений к работам по лингвокультурологии, социолингвистике, гендерной лингвистике и когнитивной лингвистике. Практическая значимость: результаты исследования могут быть использованы при разработке лекций по спецкурсам, таким как: «Лингвокультурология», «Гендерная лингвистика», «Прецедентные явления», при подготовке учебно-методических материалов, при написании курсовых и дипломных работ.Методология исследования включает аналитический обзор научных трудов в рамках гендерной лингвистики, посвященных изучению сущности женщины. Основные результаты исследовательской работы: выявлены национальные прецедентные феномены, отражающие сущность казахской женщины. Были проанализированы прецедентный текст, прецедентная ситуация, прецедентные высказывания и прецедентные имена. Высокая доля прецедентных высказываний о девочках говорит о том, что казахский народ с великим уважением относится к девочкам в семье и уделяет особое внимание их воспитанию. Ценность проведенного исследования: в настоящее время в эпоху ментальной глобализации меняются социальные роли мужчин и женщин в обществе. Благодаря этому прецедентные явления, формирующиеся и сохраняющиеся в сознании человека, обновляются или переформируются, некоторые из них даже исчезают. На основе таких лингвистических материалов мы можем выявлять изменения в сущности женщин и мужчин.
This article examines national precedent phenomena reflecting the essence of the Kazakh woman, types of precedent phenomena, such as social precedent, universal precedent and national precedent, as well as precedent texts, precedent situations, precedent statements and precedent names related to "precedent phenomena" by analyzing various scientific papers. The purpose of the article is to identify national precedent phenomena reflecting the essence of the Kazakh woman. Tasks to achieve this goal: to reveal the concept of "precedent phenomena", to consider the types of precedent phenomena, to analyze the "essence of the Kazakh woman". The scientific significance of the research lies in the development of theoretical additions to the works on linguoculturology, sociolinguistics, gender linguistics and cognitive linguistics. Practical significance: the results of the research can be used in the development of lectures on special courses, such as "Linguoculturology", "Gender Linguistics", "Precedent phenomena", in the preparation of teaching materials, when writing term papers and theses.The research methodology includes an analytical review of scientific works within the framework of gender linguistics devoted to the study of the essence of women. The main results of the research work: national precedent phenomena reflecting the essence of the Kazakh woman are revealed.A high proportion of precedent statements about girls suggests that the Kazakh people have great respect for girls in the family and pay special attention to their upbringing. The value of the study: at present, in the era of mental globalization, the social roles of men and women in society are changing. Due to this, the precedent phenomena that are formed and stored in the human mind are updated or re-formed, some of them even disappear. Based on such linguistic materials, we can identify changes in the essence of women and men.
Филологические науки, Выпуск 1 (64) 2022
Databáze: OpenAIRE