Popis: |
"Мақалада белгілі әдебиеттанушы, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің іргетасын нығайтушы әдіскер, ғалым Қ. Жүсіптің еңбектерінің қазіргі әдебиеттану саласындағы өзіндік орны, ерекшелігі сөз болып, ғалым-жазушының көркем туындылары тіліндегі әдеби теориялық құбылыстар талданып, баяндалады. Жазушының көркем туындыларының әдеби тілдік қолданыстарындағы типологиялық байланыс түрлері, тартыс негіздері екшеленген. Аталған мақалада, сонымен қабат жазушының белгілі бір ортадағы жастардың қарым-қатынасы, олардың мінез-құлықтық ерекшеліктері, психологиялық өзгешеліктерін шебер тілмен суреттеуі де қарастырылған. Жазушының көркем шығармаларындағы студент жастардың психологиялық ойлау деңгейлері, белгілі ортада қалай ұстанымдық көрсету түрліліктері де әдеби-теориялық негізде талданады. Сонымен қатар, мақалада жазушының тіл қолдану шеберлігі де талдауға түсіп, әдеби тартыс, әдеби портрет, кейіпкердің мінезі, әдеби ұстаным, әдеби толғаныс, әдеби суреттеу, әдеби тартыс, әдеби негіздеме, қарым-қатынас негіздемелері, т.б. әдеби стильдік қызмет түрлерін нақты белгілеу де қамтылған. Мақалада жазушы Қ. П. Жүсіп көркем туындыларында шебер қолданылған әдеби суреттемелер жазушының реалистік өмірді көрсетуінің бірден-бір айғағы ретінде алынған. Жазушының жастардың ішкі жан-дүниесін дөп басып суреттей білуі, оның жастардың психологиясын жетік білетіндігі, жас студенттердің өмір сүру тәжірибесінен мол хабардар екендігі де баяндалады. Кілтті сөздер: теориялық құбылыстар, көркем туынды, әдеби тенденция, типологиялық байланыс, психологиялық ойлау, әдеби толғаныс, әдеби тартыс, әдеби мінез. " |