Popis: |
"Мақалада қазақ фольклортану ғылымының зерттелуі, фольклор үлгілерінің жиналуы талданады. Бұл салада академик С. Қасқабасов қазақ фольклорындағы хикая кейіпкерлерінен албасты мен жезтырнаққа талдау жасайды. Албасты – хикаялар кейіпкері. Синкретті бейне. Албастының бейнесі ертедегі Месопатомия елінен бастап кездесетіндігі талданады. С. Қасқабасов қазақ хикаяларының негізі белгілерін анықтай бере отырып, олардың пайда болуы, қоғамдық қызметі, кейіпкерлеріне талдау жасайды. Қазақ фольклорындағы аңыздарға, хикаяттарға, ертегілерге, жырларға т.б. жанр түрлеріне қатысты тұста С. Қасқабасов тұжырымы туындының қызметі, белгілері, қоғаммен қатынасы, пайда болу себептері, мақсат-міндеттеріне қарай анықталады. Әсіресе ертегі жанрының прозалық белгілері мен сипаттары, түрлеріне қатысты ойлары фольклортану ғылымындағы жаңа ойларға бастама болғаны айқындалады. Бұл мақалада теориядағы таңдалған әдістің өміршеңдігімен бірге ойды анықтау мен жүйелеуде нақтылыққа, ғылыми дәлелді жеткізуге ықпал ететіндігі көрсетіледі. Хикаяттың басты белгісі – діни мифологиядағы сюжеттерімен ортақтықта. Бұл белгі бірнеше халықтардың әпсана-хикаяттарында бар айдаһар, немесе ордалы жылан туралы оқиғаның кездесуінде деп түсіндіреді. С. Қасқабасов қазақ хикаяларының негізгі белгілерін анықтап береді. Олардың пайда болуы, қоғамдық қызметі, кейіпкерлеріне талдау жасайды. Сонымен бірге хикаяның жанрлық өзгерістерінің мәнін, себебін анықтап көрсетеді. Кілтті сөздер: қазақ фольклоры, хикая, кейіпкер, прозалық белгілері, қоғаммен қатынасы. " |