ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ «БАҚЫТ» КОНЦЕПТІСІ

Jazyk: kazašština
Rok vydání: 2023
Předmět:
DOI: 10.48371/phils.2023.73.33.007
Popis: Мақала қазақ халқының ұлттық дүниетанымы үшін маңызды ұғымдардың бірі – бақыт эмоционалдық концептісін талдауға арналған. Бұл мәселе ежелден бері философтар, психологтар, ақындарды қатты толғандырған тақырыптардың бірі болып табылады. Когнитивтік лингвистика ғылымының дамуымен аталмыш мәселені дүниенің тілдік бейнесінде қарастыруға мүмкіндік туып отыр. Бақыт сөзінің этимологиясы мен тарихын қарастыру осы сөздің мағынасы мен қазақ тіл мәдениетінің тарихындағы бақыт феномені туралы идеялар арасындағы байланысты байқауға мүмкіндік береді. Мақаламыздың басты мақсаты - қазақ халық лирикасы тіліндегі бақыт концептісінің көрінісін айқындау. Талдау нысанына Бабалар сөзі жинағына енген тарихи жырлар, қара өлеңдер алынды. Бақыт ұғымына қазақ тілінің түсіндірмелі сөздіктерінен түсініктемелер беріліп, мән-мағынасы ашылды. Жұмысымызда алғаш рет қазақ халық лирикасындағы бақыт концептісінің танымдық сипаты айқындалып, тілдік бірліктерге концептілік талдау жасалынды. Әрбір фреймнің мазмұнын ашып көрсететін ұғымдар жинақталды. Қазақ халқының болмысы мен менталитетін танытатын фреймдер талданды. Қазақ халық лирикасындағы бақыт концептісін қарастыру арқылы когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика сияқты тіл білімінің жаңа бағыттарына өз үлесімізді қосуға тырыстық деген ойдамыз. Мақаладағы концептілік талдауларды қазақ фольклортануына қатысты арнайы семинарларда пайдалануға болады. Мақала жазу барысында қазақ фольклоры ұлттың өткені мен бүгінін сабақтастыратын халықтың бай мұрасы болып табылатынына көз жеткіздік. Себебі фольклорда ұлттың тарихы, тағдыры, тұрмыс-тіршілігімен қатар, болашаққа деген сенімі, арманы көрініс тапқан. Ал фольклордың тілін талдау қазіргі тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.
Статья посвящена анализу одного из важнейших для национального мировоззрения казахского народа понятий – эмоционального концепта «Счастье». Данная проблема с незапамятных времен волновала философов, психологов, поэтов. С развитием науки когнитивная лингвистика появилась возможность рассмотреть данную проблему в языковой картине мира. Рассмотрение этимологии слова «Счастье» позволяет проследить связь между значением этого слова и представлениями о феномене счастья в истории казахской языковой культуры. Основная цель нашей статьи – выявить значение концепта «Счастье» на языке казахской народной лирики. Объектом анализа стали исторические поэмы, народные песни, вошедшие в сборник «Бабалар сөзі». Понятию «счастье» даны разъяснения из толковых словарей казахского языка. В работе впервые выявлен когнитивный характер концепта «Счастье» в казахской народной лирике, проведен концептуальный анализ языковых единиц, обобщены понятия, раскрывающие содержание каждого фрейма. Проанализированы фреймы, отражающие сущность и менталитет казахского народа. Рассматривая концепт «Счастье» в казахской народной лирике, мы попытались внести вклад в новые направления лингвистики, такие, как когнитивная лингвистика, лингвокультурология, этнолингвистика. Результаты концептуального анализа данной статьи можно использовать на специальных семинарах, посвященных казахской фольклористике. В ходе написания статьи мы убедились, что казахский фольклор является богатым наследием народа, который связывает прошлое и настоящее нации, потому что в фольклоре, наряду с историей, судьбой, бытом, отражена вера в будущее, мечта нации. А анализ языка фольклора является одной из актуальных тем в современном языкознании.
The article is devoted to the analysis of one of the most important concepts for the national outlook of the Kazakh people – the emotional concept of happiness. This problem has worried philosophers, psychologists, and poets since time immemorial. With the development of the science of cognitive linguistics, it became possible to consider this problem in the linguistic picture of the world. Consideration of the etymology of the word happiness allows us to trace the connection between the meaning of this word and ideas about the phenomenon of happiness in the history of the Kazakh language culture. The main purpose of our article is to identify the meaning of the concept of happiness in the language of Kazakh folk lyrics. The object of the analysis were historical poems, folk songs included in the collection Babalar sozi. The concept of happiness is explained from explanatory dictionaries of the Kazakh language. For the first time, the cognitive nature of the concept of happiness in Kazakh folk lyrics was revealed, a conceptual analysis of linguistic units was carried out, concepts revealing the content of each frame were generalized. Frames reflecting the essence and mentality of the Kazakh people are analyzed. Considering the concept of happiness in Kazakh folk lyrics, we tried to contribute to new areas of linguistics, such as cognitive linguistics, linguoculturology, ethnolinguistics. The results of the conceptual analysis of this article can be used at special seminars dedicated to Kazakh folklore. During the writing of the article, we were convinced that Kazakh folklore is a rich heritage of the people, which connects the past and present of the nation. Because in folklore, along with history, fate, everyday life, faith in the future, the dream of the nation is reflected. And the analysis of the folklore language is one of the topical topics in modern linguistics.
Филологические науки, Выпуск 1 (68) 2023
Databáze: OpenAIRE