'АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ ҒАЛЫМ'

Autor: null Н. Қ. Жүсіпов, null М. Н. Баратова, null Б. Б. Жумабекова
Rok vydání: 2022
Předmět:
Zdroj: Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. :66-74
ISSN: 2710-3528
DOI: 10.48081/oviq5382
Popis: "Бұл мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы ғалым, тіл білімінің зерттеушісі, тюрколог, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін қалыптастырған журналист, өз елінің рухани дүниесін көтеруге көп еңбек еткен мәдениет қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушысы – Ахмет Байтұрсынұлының фольклортанушылық еңбектері қарастырылды. Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ фольклоры мен әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мақалада оның «Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш», «Ер Сайын», «23 жоқтау», «Әліп би» т.б. деген еңбектері фольклортанушылық тұрғыдан сөз болады. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Ахметтің шыр етіп жерге түскеннен бастап, ер жетіп есейгенге дейінгі өмір жолы халық поэзиясы үлгілері негізінде тербетілуі; ақын-жыраулар аузынан шыққан түрлі ғашықтық, батырлық, тарихи жырларды, айтыстарды, би-шешендердің дуалы сөздерін т.б. естіп ержетуі – болашақ фольклортанушы ғалымның шығармашылықтағы бағыт-бағдарын, таным-мақсатын т.б. негіздеп бергені анық. Жалпы мақалада Ахмет Байтұрсынұлының қазақ фольклорын жинаудағы, жариялаудағы және зерттеудегі еңбектері жан-жақты қарастырылады."
Databáze: OpenAIRE