ЖОО-НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ КОНТЕКСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК

Autor: null Г. Т. Уразбаева, null Н. П. Албытова
Rok vydání: 2022
Předmět:
Zdroj: Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. :334-346
ISSN: 2710-2661
DOI: 10.48081/nups3200
Popis: Аталған мақала «білім берудегі әлеуметтік серіктестік» түсінігін нақтылауға және университеттің инновациялық дамуы тұрғысынан әлеуметтік серіктестіктің негізгі сипаттамаларын анықтауға бағытталған. Білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің теориялық негіздерін зерттейтін ғалымдардың еңбектері теориялық-әдіснамалық база ретінде пайдаланылды. Мақалада «білім берудегі әлеуметтік серіктестік» ұғымын анықтауға арналған негізгі зерттеу тұғырларын жалпылау нәтижелері келтірілген. Білім берудегі әлеуметтік серіктестік белгілі бір мәселелерді шешуге бағытталған білім беру жүйесін дамыту бойынша барлық қоғамдық секторлардың өзара әрекеттесуінің ерекше түрі ретінде анықталады. Университеттердің инновациялық дамуына ықпал ететін әлеуметтік серіктестіктің негізгі сипаттамалары қатарына: ортақ мақсаттарға жету үшін ресурстардың әртүрлі түрлерін біріктіру; еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды кәсіби даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу; бірлескен инновациялық құрылымдар үшін базаның болуы және т.б.атап өтілген. Зерттеу нәтижелерін ескере отырып, мақалада университеттегі әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша ұсыныстар берілген: университет пен ұйымдар бірлесіп жүзеге асыратын студенттердің мақсатты даярлануын ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізу; ЖОО-дағы бірлескен инновациялық құрылымдарды дамытудың қаржылық алғышарттарын қалыптастыру; ЖОО-ны студенттерін практикалық оқыту базасын кеңейту және т.б.
Databáze: OpenAIRE