Popis: |
Соңғы уақыттарда медицина саласында адамның өмір сүру сапасының деңгейін зерттеуге деген құлшыныс жыл өткен сайын арта түсуде. Себебі, кез-келген денсаулық сақтау бастамасының түпкі мақсаты науқастардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтаумен қатар сапалы өмірге қол жеткізу болып саналады. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Covid-19 ауруының асқынуларының, (post-acute covid syndrome - PCS) физикалық және ментальды денсаулығына, өмір сүру сапасына тигізетін әсерін ғалам бойынша жүргізілген зерттеулерге әдеби шолу жасау арқылы көрсету. Зерттеу әдістемесі: Scopus, ResearchGates, Pubmed, NCBI базаларында соңғы 3 жылда Covid-19ға, оның симптомдарына, асқынуларына, өмір сүру сапасына әсерін қарастырған әдебиеттерге шолу жасау. Зерттеу қорытындысы: Денсаулыққа байланысты өмір сүру сапасының төмендеуі басым симптомдардың тұрақтығы, атап айтқанда, шаршау, ентігу, аносмия, артралгия, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, және себепсіз көңіл-күйдің өзгеруімен байланысты екендігі дәлелденді. Постковидтық синдромды шақыратын және ақыр соңында өмір сапасының төмендеуіне әкелетін қауіп факторларын түсіну үшін көбірек зерттеу қажет екенін көрсетеді. |