ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫ ҰЛТТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Jazyk: | angličtina |
---|---|
Rok vydání: | 2019 |
Předmět: | |
Zdroj: | Хабаршы. Заң сериясы, Vol 89, Iss 1, Pp 72-79 (2019) |
ISSN: | 2617-8362 1563-0366 |
Popis: | Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру процесі қазірдің өзінде еліміздегі заң шығару процесіне оң әсерін тигізді. Жаңа заң жобалары ЭЫДҰ-ның нормалары мен талаптарын ескере отырып, қарау және қабылдау үдерісінен өтеді. ЭЫДҰ ұсынымдары стратегиялық құжаттарды әзірлеу кезінде ескеріледі. Қазақстан ұмтылатын ЭЫДҰ-ға мүше болу бұдан кейін де ұлттық заңнамалық базаны халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес жетілдіруге ықпал етеді. Жұмыспен қамту секторы үшін оңтайлы нәтиже еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету және еңбек ресурстарын құрылымдық өзгерістерге бейімдеу бағытында, халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында экономикалық саясатпен байланыстыратын жұмыспен қамту саясатының тиімділігін арттыру болып табылады.ЭЫДҰ қоғамның барлық мүшелері үшін әлеуметтік қорғаудың барабар деңгейін қамтамасыз етуде саясатты белсенді түрде қолдап, елдерге көмек көрсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру, әсіресе кәрілік, жұмыссыздық, ауру, мүгедектік, еңбекке жарамсыздық, ана болу немесе негізгі табысты жоғалту жағдайында кірістерді қорғауды қамтиды. Бұл зерттеуде ЭЫДҰ ұсынымдарының және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының қатынасы карастырылған. |
Databáze: | OpenAIRE |
Externí odkaz: |