ЭКЗИСТЕНЦИЯ ШКАЛАСЫНЫҢ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ СИПАТТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Autor: K. Akhan, A. Kassymzhanova, B. Piko, M. Akhmetzhanova
Jazyk: English<br />Kazakh<br />Russian
Rok vydání: 2024
Předmět:
Zdroj: Хабаршы. Психология және социология сериясы, Vol 88, Iss 1 (2024)
Druh dokumentu: article
ISSN: 2617-7544
2617-7552
DOI: 10.26577/JPsS.2024.v88.i1.04
Popis: Мақалада өзіндік алшақтық, өзіндік трансценденттік, еркіндік, жауапкершілік сияқты тұлғаның экзистенциялық кемелденуін құрайтын өлшемдердің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері қамтылған. Зерттеу жүргізу барысында A. Laengle-нің «Экзистенция шкаласы» әдістемесі қазақ тіліне аудырылып, тіл мен ұлт ерекшелігіне бейімделді. Өлшеу құралының альфа-Кронбах көрсеткіші 0,932-ке тең болды. Бұл көрсеткіш әдістеменің қазақ тілді нұсқасының сенімділік статистикасы өте жоғары екенін және қолданысқа енгізуге болатынын көрсетеді. «Экзистенция шкаласын» жүргізу барысында алынған мәліметтердің қалыпты үлестірім заңдылығына сәйкестігі тексеріліп, әр субшкала бойынша пайыздық көрсеткіштерге сипаттама берілді. Зерттеу жұмысының мақсатын орындау үшін әдістемеге берілген жауаптармен қатар жиналған респонденттердің жасы, жынысы, білімі, отбасылық және жұмыс жағдайына байланысты ақпаратты қолдана отырып, корреляциялық және дисперсиялық талдау жасалынды. Нәтижесінде әр түрлі жыныс өкілдері арасында және отбасылық пен жұмыс жағдайына байланысты еркіндік, жауапкершілік, экзистенция субшкалалары және экзистенциялық кемелдену шкаласы бойынша көрсеткіштерде айырмашылықтар анықталды. Алынған қорытынды нәтижелер дәл осы әдістемені қолдану арқылы жүргізілген австриялық зерттеу нәтижесімен салыстырылды. Зерттеу нәтижесін экзистенциялық бағыттағы зерттеушілер, практик-психологтар мен психотерапевттер қазақ тілді тұлғалармен жұмыс жасау барысында қолдана алады. Түйін сөздер: экзистенциялық кемелдену, экзистенция, өзіндік алшақтық, өзіндік трансценденттік, еркіндік, жауапкершілік.
Databáze: Directory of Open Access Journals