Еуразия кеңістігінің петроглифтері және таңбалары түркі мәдениеті мен жазуының архетиптері ретінде
Autor: | Nurila Shaimerdinova, Talgat Moldabay |
---|---|
Jazyk: | English<br />Kazakh<br />Russian |
Rok vydání: | 2023 |
Předmět: | |
Zdroj: | Turkic Studies Journal, Vol 5, Iss 4 (2023) |
Druh dokumentu: | article |
ISSN: | 2664-5157 2708-7360 |
DOI: | 10.32523/2664-5157-2023-4-35-51 |
Popis: | Мақала түркі мәдениеті мен жазуының бастауларына, олардың көне петроглифтермен, таңбалармен, логограммалармен байланысына арналған. Зерттеушілердің пайымдауынша, палеолит дәуірінен бастап петроглифтер, таңбалар мен белгілер Еуразия кеңістігінің барлық аумағында кең таралған. Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия, Ресейден (Тыва, Хакасия, Таулы Алтай, Забайкальеден) табылған сызбалар, белгілер сюжеттік тұрғыда зерттеліп, жүйеленген. Мақала авторлары Еуразия аймағының петроглифтері мен таңбаларын зерттей отырып, бұл белгілер көптеген ғасырлар бойы қалыптасу, эволюциялық даму және қолданылу қызметі жолын бастан өткере отырып, қалыптасқан көне түрік бітіг (руна) жазуы таңбаларының прототипін қалыптастырды деген пікірде. Авторлар өз гипотезасын растау мақсатында жартас бетіндегі суреттер мен таңбаларға тарихи-мәдени және танымдық, семантикалық тұрғыда сипаттама беріп, көне түркі бітіг жазу таңбаларымен байланысын барынша көрсетуге тырысады. Крест негізді таңбаларының көне түркі әліпбиіндегі «д» және «з» дауыссыз дыбысы таңбаларымен байланысын, діни-культтік, темпоральды-космонологиялық, антропоморфтық бейнелердің түркі көшпелі өмір салтының қалыптасуында маңызды рөл атқарып, көшпелі мәдениеттің портотипін қалыптастырды деп еспетейді (арба, түрлі қару-жарақтар, жануарлар). Таңба мен суреттердің архетиптерін семантикалық талдау және ежелгі адамның қоршаған әлем туралы ойын анықтау – өте маңызды мәселе. Көшпелілер мәдениетінің архетиптері ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымының кілтін ашады: арба (негізгі көлік құралы), қару-жарақ (өз территориясын және мүлкін қорғау құралы), үй және жабайы жануарлар көне түркілердің табиғатты, әлеуметті тануда түрлі тотемдер мен танымын айқындайтын бейне ретінде қолданылған. |
Databáze: | Directory of Open Access Journals |
Externí odkaz: |