Popis: |
Елімізде құмай дақылы сияқты құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді дақылдарды өндіру және оларды енгізу климаттың өзгеруі мен жауын-шашынның азаюына байланысты ең тиімді шешім болып табылады. Экологиялық-географиялық шығу тегі әртүрлі құмай генотиптерін экологиялық сорт сынау мал шаруашылығының ғана емес, сонымен қатар жеке шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің басқа да бағыттарының экономикалық тиімділігін арттыруға қабілетті жемшөп өндірісіндегі тиімділігіжоғары бағыт болып табылады. Жасыл биомассаның жоғары өнімділігі және құмайдың құрғақшылыққа төзімділігі оларды Қазақстанның көптеген аумақтарында кеңінен өсіруге мүмкіндік береді. Зерттеу нысаны бойынша экологиялық-географиялық шығу тегі әртүрлі (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Өзбекстан және басқа да елдер) құмайдың 225 генқорлары Қазақстанның оңтүстікшығыс аумағының суармалы жағдайында, батыс және солтүстік аумақтарының тәлімі жағдайдарында сыналды. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның суармалы жағдайында гектарына 70 т астам, Батыс Қазақстанның тәлімі жағдайында гектарына 40 т дейін және Солтүстік Қазақстанның тәлімі жағдайында құмайдың көк балаусасы бойынша гектарына 50 тоннаға дейін өнімділік алуға болады, сонымен қатар құмай дақылдарын Қазақстанның көптеген аумақтарында өндіріске енгізіп, егістерінің кеңінен таралуына мүмкіндік береді. |